Жаңа оқу жылы: Шымкентте оқушыларға қандай талаптар қойылады?

Шымкенттік оқушылар жаңа оқу жылында мектепте білім алады. Бұл туралы мегаполистің бас санитар дәрігері мәлімдеді.

Қазір шаһардағы №24 мектеп-лицейі жаңа оқу жылына соңғы дайындығын пысықтап жатыр. Мұнда барлық оқу кабинеті жаңартылып, санитарлық бақылау күшейтіледі. Кіреберістерге залалсыздандыру құрылғысы орнатылып, ішке ашық жүйесі арқылы ғана кіре аласыз.    

Жанар Нысанбаева, № 24 мектеп-лицейінің директоры:

– Антисептиктің болуы, сұйық сабынның болуы, есік алдында біздің медбикеміз жұмыс істеп жатыр. Ол дене қызуын өлшеп, ашық бағдарламасының болуын қадағалайды. Ашық жобасы бойынша мектеп мұғалімі болсын, ата-ана болсын, барлығы тексеріледі. Біздің мектепті толығымен жұмыс бастауға дайын деп айта аламын.

Мұндай талап тек мұғалімдерге ғана емес, ата-аналарға да қойылады. «Себебі қауіпсіздік бірінші орында тұруы тиіс, ал тәртіп - барлығына ортақ» дейді мектеп басшылығы. Сондықтан сақтық шаралары барынша күшейтіледі. Ал бұл оқушылардың робототехника кабинетінде өздері құрастырған қарым-қатынассыз антисептигі. Бұл құрылғы көпшіліктің көңілінен шығып, енді өзге де кабинеттерге орнату жоспарланып отыр.

Ержан Сарыбеков, информатика пәнінің мұғалімі:

– 5 сынып оқушысы Әмірхан Айсана деген қыз. Осы безконтактный антисептикті ойлап тапты. Мұның қызметі қолды жақындатқан кезде антисептик өзі себіледі. Мектептерге қойғанда балалардың қызығушылығын оятады. 

Оқушылардың мектепке барып білім алатынына мұғалімдер де қуанышты. Балалардың бір-біріне жақындамауы үшін барлық жерге белгі қойылған. Әр есікке QR код орнатылған.

Алмас Қайыпов, №65 мектептің директоры:

Мектепке келген әрбір ата-ана, оқушы, мұғалімдер ғимаратқа кіретін алдын ашық жүйесі арқылы QR кодтан өтеді. Ол жерде іздің келген қонақтарымыздың қауіпті, не қауіпсіз екендігі анықталады.

Бір сыныпта 40, тіпті одан да көп бала білім алатын үш ауысымды мектептердің жыры білім басқармасының бас ауруына айналып отыр. Биыл бала саны өте көп мектептерге 1 сыныпқа бала қабылдауда шектеу енгізіледі.

Жанат Тажиева, қалалық білім басқармасының басшысы:

– Шымкент қаласында 19 үш ауысымды білім беру ұйымы болса, биыл жекеменшік мектеп есебінен 14 үш ауысымды ұйым қалған болатын. Оның саны 9-ға кемиді. Мектебі жоқ елді мекендердің мәселесі бойынша 13-тен 9-ға түседі.

Қазір Шымкентте балалардың қауіпті індет жұқтыру деректері көбейген. Бас санитар дәрігердің айтуынша, бір айдың өзінде 2 мыңнан аса бала ауырған. Жыл басынан бері бұндай жағдай болмаған. Сондықтан барлық білім беру мекемелері үнемі санитарлық дәрігерлердің бақылуында болады.

Әбдіманап Төлебаев, қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер:

– Мен сізге бірден айтайын, санитайзерлердің болмауы, аймақтардың «лас», «таза» болып бөлінбеуі, бетперде режимінің сақталмауы да карантин талаптарын бұзу болып табылады. Кабинет жүйесіне де тыйым салынды, бірақ олар осы бағытта жұмыс істеді. Дезинфекциялық құралдар да пайыздық мөлшерде төмендетілген. Осыған байланысты олар жазаланды.

Арнайы құрылған комиссия мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексеруді бастады. Егер ешқандай заң бұзушылықтар анықталмаса оқушылар мектепте білім алатын болады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Катерина Попкова, Азамат Саметов, Нурмахан Бекмуратов