Елімізде 147 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді

Бұл білім ордаларында 250 мың бала оқиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мектептердің басым бөлігі Маңғыстау облысы және Алматы мен Шымкент қалаларында орналасқан. Бұл туралы әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды. Мәселені шешу үшін жылдам тұрғызылатын аз шығынды модульдік мектептер салу қажет деді премьер-министрінің орынбасары.

Ералы Тоғжанов денсаулық сақтау саласында жоғары білікті кадрлар тапшылығы, ауруханаларды қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру мәселесі өзекті екенін тілге тиек етті. Вице-премьер медицина кадрларын даярлауға гранттар санын көбейтіп, жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етуді тапсырды.