СҚМУ мен Аризона Университеті арасында қос диплом берудің интеграциясы жасалды

Біріккен оқу бағдарламасы іске қосылды.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Американың Аризона жоғары оқу орыны арасында қос диплом алудың интеграциясы жасалды. Енді аталмыш білім ордасының студенттері АҚШ-тың Тусон қаласында білімін жетілдіре алады. Қос университет арасында жасалған халықаралық келісім Болон процесі негізінде жүзеге асып отыр. Шетелдік Аризона Университеті биылдың өзінде біріккен оқу бойынша 5 бағдарламаны іске қосты. Сондай-ақ студенттер үшін 500-дей грант қарастырылып отыр. Енді білім алушылар қолданбалы биотехнология, ақпараттық жүйе және ауылшаруашылық салалары бойынша шетелдік мамандардан дәріс алады.

Айдос Мұқатаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Болон процесі және академиялық мобильдік орталығының директоры