Қазақстан мен ОА және Шығыс Еуропа мұғалімдерінің лайықты еңбегін қамтамасыз ету талқыланды

Мемлекет басшыларының кездесуімен қатар бүгін елордада білім саласындағы мамандардың да халықаралық басқосуы өтті.

Яғни 8 елден және 2 халықаралық ұйымнан жиналған кәсіподақ өкілдері ұстаз мәртебесін көтеру, әсіресе олардың құқын қорғау және лайықты еңбек жағдайын қалыптастыру бағыттарын кеңінен талқылады. Бұған қоса дағдарыс жағдайында білім беру мәселелері, кәсіподақтар құқығы және  әлеуметтік диалог тас сөз болды.  Шетелдік мамандар біздегі Педагог мәртебесі туралы заңға жоғары баға беріп, кейбір тетіктеріне ерекше тоқталды. Алдағы уақытта жан-жақты әріптестік орнатып, саланың дамуына бірлесіп жұмылу қажеттігі сөз болды.

Айгүл Мұқашева, қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы:

- Конференцияның негізгі мақсаты - қазір өздеріңіз білесіздер құбылмалы әлемде көптеген өзгерістер болып жатыр, жаһандандыру процестері жүріп жатыр. Көптеген енді мынау локальды соғыстар болып жатыр, мынау жұрттың миграция процесстері көбеюде, соның ішінде әрине біздің мұғалімдер де бар. Соның бәрін біздер бірге талқылап, бір ортақ шешім қабылдаймыз деп мен ойлаймын.