Ірі университеттерде академиялық ұтқырлық орталығы құрылады

Жоғарғы оқу орындары оқытушы педагогикалық институт моделінен ғылыми-зерттеуші орталықтарға айналуы тиіс.

Ол үшін еліміздегі бірнеше ірі университеттер базасында Академиялық ұтқырлық орталықтары құрылатын болады. Өзгерістердің басты мақсаты жастардың ғылымға бет бұруына ықпал ету. Бүгінгі күні елдегі 623 мың студенттің 90 проценті бакалавр,7-8 проценті магистрант болса, PhD докторлар көрсеткіші 1 проценттен де төмен. Ал дамыған елдерде ғылымға терең ден қойған жастар көп.  Сондықтан жоғарғы оқу орындары  жанындағы мұндай зерттеу орталықтары студенттердің қызығушылығын арттырады. Заман талабына сай зертханалар,құрал жабдықтар да керек. Ол үшін еркін қаржыландыру көзі қарастырылу керек,- дейді  ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі:

- Орталық  министрліктен қолдау болады. Жергілікті әкімдік бизнес пен зауыттармен жергілікті өнеркәсіп орындарының қолдауы керек, бұл халықаралық практикада үш жақты коллабрациялық модель, осы үш жақты модельмен біз жұмыс бастаймыз.