Елордада әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары дәріс оқыды
Astana IT University қабырғасында Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл шара барысында әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары өз дәрістерін оқыды. Атап айтқанда, Франция, АҚШ, Австрия сынды елдердің, белді университеттерінде жұмыс істеп жүрген қазақстандық мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Жиында ғалымдар физика, гендік инженерия мен нано-технология және адам денсаулығы сияқты ғылым саласындағы маңызды тақырыптарды қаузады.
Мамандардың сөзінше, Қазақстанда адами капиталдың әлеуеті зор. Мұны ары қарай дамытсақ, әлемдік ғылымға өзіндік үлесін қосатын маман даярлауға мүмкіндік бар.
Мұрат Сапарбаев, Густав Рози институты зертханасының директоры:
- Қазіргі жастар өте талантты десем артық айтқаным емес. Ынталары да жоғары. Ешкімге тәуелді болмас үшін өз еркімен дамығылары келеді. Бұл – өте жақсы тенденция. Дегенмен елде ғылымды жүйелі түрде дамыту қажет. Жаңа инфрақұрылымдар өте керек.