ҚазҰУ мен Сеул киберуниверситеті меморандумға қол қойды
Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылары Сеул киберуниверситетінде тағылымдамадан өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
2 жоғары оқу орнының басшылары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Киберуниверситет 2000 жылы ашылған. Онда 17 факультет бар. Білім ордасы болашақ машина жасаушыларды, бағдарламашыларды, бизнесмендер мен аудармашыларды дайындайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 80-нен астам елдің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан.
Жансейіт Түймебаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры:
- Сайбер университеті қазір дүниежүзілік денгейде онлайн оқытуда ең алдынғы қатарда, соңғы технологиялармен жараттанған ең үздік университеттердің қатарына кіреді. Мұғалімдерімізді, студенттерімізді тағылымдамадан өтуге, тәжірибе алмасуға жібереміз. Оқу мәселесінде біз ары қарай қарым-қатынасымызды, ынтымақтастығымызды дамытатын боламыз.