Петропавлдық мұғалім мобильді қосымша ойлап тапты
Петропавлдық мұғалім дүниежүзі және Қазақстан тарихынан мобильді қосымша ойлап тапты.
Смартфон бағдарламасында осы пәндерге қатысты 5 мыңға жуық тест сұрағы бар. Олар ойын түрінде де беріледі. Сергей Никулиннің айтуынша, бұл оқушылардың түрлі емтиханға дайындалуына септігін тигізіп қана қоймай, ойлау қабілетін арттырады. Қазіргі таңда бұл қосымшаны 10 мыңнан аса адам жүктеп алған. Мектеп мұғалімі ұлттық біріңғай тестілеуге де әдістемелік құралдар жазған. Енді қағаз бетіндегі еңбегін ұялы телефонға енгізді.
Сергей Никулин, тарих пәнінің мұғалімі:
- Оқушыларымның бірі тарихтан нашар еді. Бірақ информатикаға жүйрік болды. Бұл ретте оған осындай ойымды айттым. Мен сұрақтарын дайындасам, ол мобильді қосымшаның өзін жасап шығарды. Кейін оны кең қолданысқа енгіздік.