Елде 340 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады
Шымкент, Павлодар және Шығыс Қазақстан. Биыл осы өңір бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндер тізімінде көш бастап тұр.
Бүгін құжат қабылдау аяқталды. Елде 340 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ. 4 айда қазақстандықтардан 378 мыңға жуық өтініш түскен. Оның 70% білімді мемлекеттік тілде алуға ниет білдірді.
Еске салайық, құжат тапсырып үлгермегендер еgov.kz электронды порталы мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелеріне жүгіне алады.