Магистратураға құжат қабылдау басталды

Магистратураға білім грантын иелену үшін үміткерлерден құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатты 20 тамызға дейін жоғары оқу орындарының қабырғасында немесе онлайн қабылдау комиссиялары арқылы тапсыруға болады. Биыл 40 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырып, 16 мыңнан астамы шекті балл жинады.

Жалпы 13 мың мемлекеттік білім гранты бөлініп отыр. Грант иегерлерінің тізімі 26 тамызға дейін Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпарат ресурстарында жарияланады.