Қазақ ғылымының адымын аштырмай тұрған не?
Қазақтан тағы бір Қаныш Сәтбаев қашан шығады?
Жалпы Қазақ ғылымының адымын аштырмай жүрген не? Салмақты саланың күнгейі мен көлеңкелі тұстары бүгін астанада өткен жас ғалымдардың көшпелі отырысында талқыланды. Шараға алыс-жақын өңірлерден 100-ден аса маман қатысты. Олар ауылшаруашылығы, су ресурстары, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс салаларындағы зерттеулерін ұсынды. Жас ғалымдарды дер кезінде қол ұқшын беру мақсатымыз, дейді ұйымдастырушылар. Басқосуға Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мұрындық болды.
Шахислам Лайсханов, ғалым:
- Қазіргі кезде біз Талас ауданы бойынша деградацияға ұшыраған шөлденгенген жерлердің мониторингін жасап жатырмыз, сонымен қатар ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін анықтаудың әдісін әзірлеудеміз. Жұмыс тобындағы жас ғалымдар мәселелер бойынша өз ойларын айтып, оларды дамыту бойынша ұсыныстарын білдіріп, еліміздегі ғылымды дамыту бойынша бірлесіп жұмыс жасауды бастады деуге болады.