«KEMEL ADAM» ұлттық мектебі ашылды

Шымкентте биылғы оқу жылында жаңа 18 мектеп есігін айқара ашады.

Солардың бірі 350 оқушыға арналған «KEMEL ADAM» ұлттық мектебі пайдалануға берілді. Мұнда бесінші және он бірінші сынып оқушыларына математика мен ағылшын пәндері тереңдетіліп оқытылады.

Биыл жекеменшік серіктестік аясында 15 мектеп білім берудің халықаралық озық тәжірибесін енгізді. 

Жалпы қала бойынша бірінші сыныпқа 28 мыңнан астам оқушы қабылданды.

Серікболсын Жақыпбек, «KEMEL ADAM» ұлттық мектебінің директоры:

- Жалпы бағытымыз мемлекеттік белгіленген стандарттар бойынша білім беріледі. Одан бөлек жаратылыстану бағытындағы пәндер қос тілде өтеді. Яғни ағылшын, қазақ тілдерінде өтіледі.

Қайрат Жолдыбайұлы, «KEMEL ADAM» ұлттық мектебінің негізін қалаушы:

- Әр сыныбымыз жеке-жеке бір-бір Алаш қайраткерлерінің, Ұлт зиялыларының атымен аталады. Сол 11-сыныпты бітіргенге дейін біздің балаларымыз Алаш қайраткерлерінің, Ұлт зиялыларының өмірбаянымен жіті танысып, солардың аталы сөздерін жаттап, ұлтқа деген махабаттарын бойына сіңіріп өсетін болады.