Биыл 260 мектеп күрделі жөндеуден өтті – министр
Жыл соңына дейін 154 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Нәтижесінде 132 мың оқушы жаңа білім ұясында оқитын болады.
Оқу ағарту министрінің айтуынша биылдың өзінде 12 апаттық жағдайдағы және 29 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілген.
Одан бөлек, мектепте дейінгі білім беру саласы да назардан тыс қалмайды. Елдегі 97 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары балабақшада тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады.
Бүгінгі күні тәрбиешілердің айлығы өткен жылдармен салыстырғанда 30 пайызға артқанын айта кеткен жөн.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу ағарту министрі:
- 260 мектепте күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Оның 194-і 1 қыркүйекте есігін ашты. Ал қалған мектептер осы жылдың аяғына дейін, 18-і келесі жылы аяқталайын деп отыр. Яғни біртіндеп, кезең-кезеңімен еліміздегі қалған бүкіл мектепті күрделі жөндеуден өтізу арқылы жайлы, қолайлы жағдай қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.