Қызылордада жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылды
Қызылордада жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылды.
Қазақстандық студенттер орталықта әлемдік IT технологияларды меңгере алады. Ол үшін Кореяның заманауи зертханалық құрылғылары пайдаланылады. Отандық оқытушылар Кореяда тағыламдамадан өтеді. Ал Сеул оқытушылары Қызылордаға шақыртылады. Корея Республикасының Білім министрлігі қаржыландыратын Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жетекші университеттік жоба 2029 жылға дейін жалғасады. Болашақта Қызылордада Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің филиалын ашу жоспарланған.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Жеті жылдық бағдарламаның соңына таман қолданбалы ғылыми зерттеулер де осы жасақта жасалатын болады. Тек қана оқыту емес, филиал аяққа тұрғанан кейін қолданбалы зерттеулерге де көшеміз. Өздеріңізге мәлім Президентіміздің нақты тапсырмасы бар кемінде үш жоғарғы оқу орнының негізінде жасанды интелект саласына кадр даярлау және қолданбалы зерттеулер жүргізу. Бірінші орталығымыз мінекей Қызылордада ашылып жатыр.
Джесу Ким, Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университетінің өкілі:
- Бұл мектепте 4 факултет болады. Барлық білім беру бағдарламалары осы факультеттер негізінде жүзеге асады. Жоғары мектеп жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және информатика саласында мамандар даярлайтын болады.