Қазақстан жасанды интеллектті дамыту жөнінен 81-орында тұр
Биыл халықаралық рейтингте жасанды интеллектінің дамуы бойынша Қазақстан екі орынға көтерілді.
Яғни 81-орында. Үндістан мен Ираннан кейін Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында 3-ші орында. Себебі елімізде жасанды интеллект бойынша стартаптарға қолдау көбейген. Ал экспорт соңғы 3 жылда 5 есе өсті. Бұл салада тағы қандай бастамалар бар?
Диана Қадыр, тілші:
- Елімізде жасанды интеллект сапалы және қарқынды дамуда. Мәселен, өнеркәсібіп, көлік және қаржы саласында. Тіпті біздің өмірімізге де еніп үлгерді. Қарапайым қолдағы смартфонмен түрлі анимациядағы кейіпкерлерге еніп, тіпті дауысты өзгерте аламыз. Бұл тізімді қазақ тілінде сөйлейтін Алиса, қазақша түсінетін ChatGPT жалғайды. Ал медицинада тың өзгерістер көп.
Жандос Аманқұлов, Радиология және ядролық медицина бөлімінің меңгерушісі:
- Қазақ онкология және радиологияғылыми институтында қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеу кезінде дәрігерге қалқанша безінің түйіндерін қаншалықты қателі ісікке күдікті екенін анықтап беретін жасанды интеллект енгізілген. Жасанды интеллектің негізгі мақсаты- дәрігерлердің жұмысын жеңілдету, жақсарту болып табылады. Жасанды интеллект медицина саласында кеңінен қолданыс тауып жатыр.
Жасанды интеллект - дәрігерлерге көмекші құрал. Себебі келген науқасты толық тексеру, олардың құжаттарын енгізу, жасанды интеллект арқылы шыққан диагнозды қарап, қадағалау дәрігерге жүктелетін міндет. Дегенмен, стартап жобалардың ұтымды тұсы - бірнеше сағатты алып келген процесті тездетіп, әлемдік озық методикаға сүйеніп, 10 минутта дұрыс шешім шығарады.
Нұрбол Әбен, тіс дәрігері:
- Бұл жобамызды қолдану арқылы біз диагностикамызды, науқасқа арналған іс-шарасының уақытын қысқарта аламыз. Уақытын қысқарта отырып, диогностиканы дәлме-дәл жасай аламыз. Әртүлі әлемдік деңгейдегі ұстаздардың, авторлардың ұсыныстарын қолдана отырып, ем жоспарын құрып, науқастарымызға ұсына аламыз. Ең қуантары біздің дәрігерлерімізді бұл қағазбастылықтан ажыратады. Яғни біз ішкі энергиямыз бен концентрациямызды біз науқас емдеуге жұмсаймыз.
Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев айтуынша, жасанды интеллект - көктемде егіннің қолайлы уақытын, күзде қанша өнім жинайтынын әуелден нақты көрсетеді. Одан бөлек, жиналыста алғышқылардың бірі болып, қазақша ChatGPT-ді қолданып, уақытты тиімді пайдаланғанын айтады.
Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Күзгі өнімді бізде жинағанда әкімшіліктердің арасында бір жарыс басталып кетеді. Ана өңірдікі көп, мына өңірдікі көп деп. Айналып келгенде қағаз жүзінде жоқ зат болып шығады. Сондай әрекеттерге жасанды интеллект жол бермейді. Әртүрлі өңірдегі жұмыс істеп жүрген ветеринария саласындағы ғалымдардың, практиктардың 7 үлкен баяндамаларын қарасақ, 2 сағаттай баяндама тыңдау керек. ChatGPT 7 докладтты 6 минутта шығарып берді ғой.
Былтыр «Инновациялық технологиялар паркі» жеке қорының қолдауымен жер қойнауындағы өндірісті дамытатын жасанды интеллект бойынша жоба ұсынғандарға 8,2 миллиард теңгеге бөлінген. Үздік деп танылған 58 стартап жобамен шарт жасалды. Ал инновациялық қызметтерді жақсарту мақсатында 4,5 миллиардтан көп қаржы бөлініп, 32 жоба қолдау тапты. Инклюзивті бағыттағы 13 стартапқа, 3 миллиард теңге бөлінді. Дегенмен, елде жасанды интеллектіні реттейтін арнайы заң жоқ.
Жер қойнауын пайдаланушыларға
бөлінген қаржы - 8,2 млрд теңгеге
шартқа қол қойылды - 58
Инновациялық қызметті дамыту
бөлінген қаржы - 4,7 млрд теңге
жоба саны – 32
Өндірістік сектор мен инклюзивті инновациялар
бөлінген қаржы - 3 млрд теңгеге
шартқа қол қойылды – 13
Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Әлемде 120-дан астам ел, соны реттейтін өздерінің заң жобаларын қабылдап жатыр. Қазақстанда әлі жоқ. Сондықтан Президент те тапсырма қойды. Парламент дер кезінде осыны Үкіметпен бірлесіп, заң ретінде жаңағы қабылдау керек деген. Үкімет қазір жобасын қарастырып жатыр.
Былтыр стартаптарға 145 миллион доллар инвестиция салған. Енді венчурлік қорлардың саны артып отыр. Яғни жақсы стартапты ұсынасыз, оны жеке кәсіпорындары қаржыландырады. Президент Үкіметке арнайы тапсырма да берген. 2026 жылға дейін IT-қызметтердің экспортын 1 миллиард доллларға дейін жеткізу жоспарда.
Диана Қадыр, Мадияр Қыңдыбаев, Мұрат Әріпханов