Алматыдағы балабақша сингапурлық тәжірибені білім беру барысына енгізді
Алматыдағы балабақшалардың бірі сингапурлық әріптестерінің тәжірибесін зерттеп, білім беру үдерісіне енгізіп отыр.
Осылайша мамандар зерттеу арқылы бүлдіршіндердің танымдық, шығармашылық дағдыларын дамытпақшы. Қазір бақшада арнайы зертхана, тұзды шахта мен кітапхана бар.
Азық-түлік дүкені, дәрігер кабинеті мен полиция учаскесі. «Арман қала» декорациясын балалар тәрбиешілермен бірігіп жасапты. Көбіне картон мен қағаз қолданған. Мамандардың пікірінше мектепке дейінгі тәрбие - болашақтың іргетасы саналады.
Қымбат Қарабалаева, балабақша меңгерушісі:
- Біз Сингапурда 10 күндей болдық. 10 күнде сол жерде іс-тәжірибесін алмасып, 10 күн Сингапурда өткіздік. Сол жерде бүкіл мемлекеттік, жеке балабақшаларға барып, өтілген барлық нелермен таныстық. Қалай баламен жұмыс істеу керектігімен. Қаладан жаңағы келіп отырған көп тәрбиешілер, олар да енді осы жерден біздің енді бір үзігін алды деп ойлаймын. Келешекте қолданады балабақшада.
Даму орталығында 9 кабинет бар. Инклюзия, монтессори, көркем өнер кабинеті және зертхана жұмыс істейді. Бүгінде балабақшаға 145 бүлдіршін келеді. Ұстаздармен қатар психолог және логопедтер қызмет атқарады. Гүлім Сатқынбаева дефектолог болып еңбек етеді. Ол мұғалімнің басты ерекшелігі әр баланың көңілін таба білуінде деп санайды.
Гүлім Сатқынбаева, дефектолог:
- Мен биыл бағдарлама жасап шығардым. Ерекше балалардың тілін дамытуда, ертегі терапиясын қолдану. Яғни таным үрдістерін дамыту. Бұл жерде сөйлеу тілінде дамыту. Таным үрдістері, ойлауы, зейіні, балалардың қиялын дамытуға осы ертегі терапиясын алдым.мартфонға үңілген бүлдіршіндердің тілінің кеш шығып жатқанын мамандар жиі айтады. Олардың сөйлеу қабілетін дамыту үшін орталықта театр ашылған. Шағын қойылымдарға балалар жиі қатысады. Ұстаздар бала зейіні мектепке дейін-ақ қалыптасады. Сондықтан олардың шығармашылық әлеуетін ашу үшін бұл кезеңді тиімді пайдаланған жөн, дейді.
Ұлан Нарынбек, Наргиза Такежанова, Сұлтан Бейсекенов