Ұлттық құрылтайда ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу мәселесі көтерілді

Ғылыми нәтижелерді өндіріске енгізудің жаңа механизмі керек.

Өйткені жылына жүздеген диссертациялар жазылып, кәдеге аспай қалып жатыр. Ұлттық құрылтайдың «Білім және Ғылым» секциялық отырысында осындай мәселе көтерілді. Ғалымдардың айтуынша, жазылған әр 100 еңбектің 90-ы – жан-жақты дәлелденген, өндіріске пайдалы жоба. Алайда оларды іске асыру жағы ақсап тұр. Мәселені шешу үшін ғылым саласында соңғы 10 жылда жарияланған зерттеулердің нәтижелерін қарап, қолға алу керек, – деді жиынға қатысушылар.

Қазыбек Дәуталиев, Ұлттық құрылтай мүшесі:      

- Қазір Парламентте ғылым және ғылыми саясат туралы жаңа заң қабылданып жатыр. Осыған енгізсе болады деп бір мәселені көтердім. Екіншіден, ғылыми зерттеулерді зерттеуші өзі жазып болғаннан кейін оның нәтижелерін қай жерге енгізуге болады, соны нақты көрсетсе. Бұл екі тарап үшін де пайдалы. Сонда бір ақиқат білімге қол жеткіземіз. Сонда ғана біз практика мен ғылыми білімді бір-бірімен байланыстыра аламыз деген ұсыныс ой айттық.