Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана көбейеді

Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы кітап оқу.

Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыру қажет. Осы ретте ұлттық кітап күнін белгілеп, тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларды көбейту керек. Президенттің құрылтайдағы бұл бастамасына мәдениет қызметкерлері қолдау танытты.

Нұрболат Әлменов, облыстық әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкері:

- «Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен кітапхана» деп, Әбіш Кекілбаев ұлы жазушымыз айтып кеткендей, бұл халықты қайта тәрбиелеуге, халықтың өзінің өзегіне оралуға үлкен бір септігі тиеді деп ойлаймын.