Ғылымсыз мемлекет дамымайды
Президент жақында өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қазіргі су тасқыны кезеңінде білікті мамандар
мен ғалымдардың тапшылығы айқын сезіліп отырғандығын айтқан болатын. Ғылымның әлеуетін техногендік және табиғи апаттарды болжау, климаттың өзгеруіне қарсы күресу үшін барынша пайдалану маңызды. Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде инженерлік хаб пен технопарк ашылады. Күзден бастап, ғалымдар осы екі жобаның игілігін көре бастайды. Қазірдің өзінде мұнда геология, металлургия, сейсмология, су ресурстары бойынша маңызды жобалар жүзеге асып жатыр.
Ғылымсыз ғалам дамымайды. Әсіресе табиғи аптаттардың алдын алып, салдарын жеңілдетуде ғылыми жобалардың маңызы зор. Мәселен, мына жер сілкінісі симуляторын Сәтбаев университетінің студенттері мен магистранттары жасап шығарған. Жобаның жетекшісі Қасым Елемесовтың айтуынша, мұндай симуляторлар бұрыннан бар. Бірақ олар бір бағытта ғана қозғалады екен.
Қасым Елемесов, техника ғылымдарының кандидаты:
- Біздің ерекшелігіміз – біз осы тренажерді 9 балға дейін регулировка жасауға болады. Яғни 1 балдан 9 балға дейін. Біздің мына тренажер горизонтально да істейді, вертикально да істейді. Адам өзін қалай сезінеді. Біріншіден, нестеу керек, қай қабырғаға бару керек. Мысалы, ригельдің астына тұру керек. Адам неғұрлым соған үйренсе, соғұрлым жер сілкінсе олар психологиялық түрде соған үйренген болады. Екіншіден, сол кезде нестеу керек екенін үйреніп алады.
Енді ғалымдар бұл жобаны жетілдіру жолдарын қарастырып жатыр. Тағы 100 шақтысын жасамақ. Ал төтенше жағдай мамандары оны жаттығу жиындарында сынап көрмек.
Ержан Көлдеев, техника ғылымдарының кандидаты:
- Сейсмология жағынан да біз кафедра аштық. Мемлекет басшысы сонымен қатар инфрақұрылыммен жабдықтауды тапсырма берді. Осы тарапта 2 жыл бұрын Сәтбаев университетінде инженерлік хаб құру туралы айтқан болатын. Шетел, Қазақстан бірігіп, жаңа жобалар дайындап отырмыз. Инженерлік хаб, технопарк. Сейсмология, су ресурстары бойынша. Бастапқы қаржы бөлінсе, ифрақұрылымға жаңадан құрал-жабдықтар болады.
География және су қауіпсіздігі институтының ғалымдары да қарап отырған жоқ. 2006 жылы Су қауіпсіздігі концепциясы жасалды. Соның негізінде түпклікті зерттеулер жүргізілді.
Саят Әлімқұлов, "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
- Соңғы 6-7 жылдың ішінде Ертіс пен Іле трансшекаралық су жиналатын алаптар. Одан кейін Арал-Сырдария атырабындағы ірі жұмыстар біткен су қауіпсіздігі тұрғысынан. Жайық- Каспий бойынша да жұмыстар жасалып жатыр. Судың аз немесе көп болуындағы қауіптер. Климат, біздің шаруашылық әрекеттеріміз. Осыларды ескере отырып халықты, елді мекендерді, экономиканы сумен қамтамасыз ету және қорғау-су қауіпсіздігінің басты бағыты.
Гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымның дайындығы, ұйымдастыру шаралары-осының барлығы ғалымдардың ақыл-кеңесімен жасалатын жұмыстар. Трансшекаралық өзендерден келетін ортақ суды бөлу де өзекті. Сондықтан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен бірнше тарап бірлесіп маман даярлау үшін «Су дипломатиясы» білім беру бағдарламасын әзірледі.
Қарлығаш Қайыпбекова, Кенже Амраев, Сұлтан Бейскенов