ҰБТ-2024. Жетісуда 7000-ға жуық талапкер бар

Оқушылардың білім деңгейін анықтау сынағы Талдықорған мен Жаркентте де жүргізіліп жатыр.

Қазір әріптесім Шыңғыс Қалиден тікелей эфирде бізбен байланыста.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

Жетісу облысында биыл 6800-ден аса оқушы мектеп бітіреді. Солардың 80 проценті ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген. Олардың өтініші 6-14 мамыр аралығында қабылданды.

Қазір оқушылар менің ту сыртымдағы ғимаратта тест тапсырып жатыр. Міне, мектеп бітіруші түлектердің алғашқы легі шықты. Жүздері бал-бұл жанған қарындасымыздан тестің қалай өткенін сұрап көрейік?

Науқан бүгіннен бастап қай күнге дейін жалғасады? Ол туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Тойғанбекқызы айтып береді. Гүлмира Тойғанбекқызы, тесті қай кезге дейін өткізу жоспарланған?

Гүлмира Тойғанбекқызы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

Айта кетейік, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған оқушылар үшін тағы бір мүмкіндік беріледі.

Шыңғыс Қалиден, 24.KZ, Жетісу облысы