Алматыда белгілі геолог Қаратай Тұрысов атындағы ғылыми орталық ашылды

Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде белгілі геолог, ғалым-экономист Қаратай Тұрысов атындағы ғылыми орталық ашылды.

Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің туғанына 90 жыл толды. Еңбек жолын қатардағы геолог болып бастаған Қаратай Тұрысов Павлодар және Қарағанды облыстарында ірі кен орындарының ашылуына үлес қосты. Партиялық, қоғамдық қызметте де белсенді болып, ел экономикасының өркендеу жолында тер төкті. Мәжіліс­тің экономика және бюджет комитетін бас­қарған 9 жылда Парламент мың­нан артық заң қабылдады. Соның 60 пайыздан астамы экономикаға қатысты, дейді көзкөргендер. Сонымен қатар бүгін еліміздің жетекші геологтары мен мұнайшылары геологиялық саланы дамытудың өзекті мәселелері, геологиялық ғылымды одан әрі дамыту және олардың өндіріспен байланысын талқылады.

Ақылбек Жүнісов, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ профессоры:

- Университет сол кісінің ісін жалғастыруда бұл бағытта. Біздің университетіміз геологтар даярлауда қазір Қазақстан көлемінде жетекші оқу орны деп санасақ оған ешкім қарсы болмайды. Студенттерге жұмыс істейтін мүмкіндік бар қазір. Яғни Қазақстанда әлі іздейтін барлайтын табатын кен орындары жеткілікті деп ойлаймын.