Алматыда Франкфурт кітап жәрмеңкесінің семинары өтіп жатыр
Баспа ісіндегі заманауи үрдістер және авторлық құқық менеджменті.
Алматыда осындай тақырыппен Орталық Азияда алғаш рет Франкфурт кітап жәрмеңкесінің семинары өтіп жатыр. Мұндай шаралар заманауи технологиямен кеңінен танысуға мүмкіндік береді. Іскерлік байланыс орнатып, әлемдік деңгейдегі мамандармен тәжірибе алмасуға жағдай жасайды. Семинарға Қазақстан жағынан 20 баспадан өкілдер қатысты. Полиграфия саласының мамандары баспадағы жасанды интеллект, авторлық құқық пен лицензияларды сатып алу және сату, кітап құқықтарын басқару сияқты тақырыптарды бірге талқылады. Айта кетейік, Франкфурте Бушмессе - әлемдегі ең ірі кітап жәрмеңкелерінің бірі. Кітап шығару ісінің өзінде 500 жылдан астам тарихы бар. Жәрмеңке Германияның Франкфурт қаласында өтіп тұрады.
Беттина Бак, Франкфурт кітап жәрмеңкесінің халықаралық жобалар жөніндегі менеджері:
- Биыл Қазақстан Франкфурт кітап жәрмеңкесіне алғаш рет ақпараттық тақта дайындап алып келді. Бұл қазақ баспаларының әлеуетін көрсететін маңызды қадам десем болады. Алдағы уақытта басқа да халықаралық іс-шараларға белсенді түрде қатысып, өз кітаптарын әлемге ұсынатынына сенімдімін. Сіздердің елмен баспа ісіне қатысты бірлесіп бағдарлама жасау туралы жоспар бар.