О.Бектенов мектептерде бірыңғай тамақтану стандартын қабылдауды тапсырды

Елімізде бірыңғай тамақтану стандартын әзірлеп, қабылдау керек. Олжас Бектенов Үкімет отырысында Оқу-ағарту, денсаулық сақтау министрліктеріне осындай тапсырма берді, деп хабарлайды 24kz.

Жиында бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Олжас Бектенов балаларға берілетін тамақтың сапасы мұқият тексеруді қажет ететінін атап өтті. Ал Оқу-ағарту және Қаржы министрліктеріне міндетін адал атқармаған жеткізушілер тізілімін автоматтандырып, жауапсыз мердігерлердің әкімшілік жауапкершілігін белгілеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

«Әкімдіктер мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін ерекше бақылауға алуы керек. Сонымен қатар инфляция деңгейін ескере отырып, тамақтану құнын қайта есептеу және оған қосымша қаражат бөлу қажет», - деді Үкімет басшысы.