Тараздық оқушылар қоқысты автоматты түрде сұрыптайтын жәшік ойлап тапты
Инновациялық жоба жасанды интелектіге негізделген, деп хабарлайды 24kz.
Оның көмегімен қоқысты сұрыптап, қажетті қоржынға салуға болады. «Жоба қалдықты қайта өңдеуге үлкен көмегін тигізеді», - дейді жас өнертапқыштар.
Мерей Бает, тілші:
- Қанат Тәжіхан, Барысхан Қалдыбай мен Сұлтан Жұмақадір Назарбаев зияткерлік мектебінде оқиды. Олар Тараздан шығатын қалдықтың барлығы сұрыпталмайтынын, қайта өңделмей тек полигонға көмілетінін айтады. Сондықтан 3 жыл бұрын жоба жасауға кіріскен. Қоқыс жәшігі сенсор және камерамен жабдықталған. Жасанды интеллект қоқысты танып, өзі сұрыптайды.
Қанат Тәжіхан, жоба авторы:
- Полигонға барып, қоқыстың ең көп таралатын түрлерін анықтадық. Жүз түрін үйреттік, бұл бөтелке, бөтелкенің осындай түрлері, осындай ракурстері бар. Соның барлығын суретке түсіріп обучать етіп, нейрон желілерін құрастырып үйреттік. Және де одан бөлек біз ультрадыбыстық датчик орнаттық. Қоқыстың толған-толмаған мөлшерін анықтайды.
Ақылды жәшік 5 түрлі қоқысты сұрыптауға арналған. Қағаз, пластмасса, шыны мен темір және органикалық заттарды тани алады. Күн панелінен энергия алып, толған сәтте коммуналдық қызметке хабар береді. «Мұндай мүмкіншіліктер қалдықты қаржыға айналдыруға көмегін тигізеді», - дейді жоба авторы.
Қанат Тәжіхан, жоба авторы:
- Қоқысты сұрыптау арқылы біз екінші қайта өңделетін материалдар ретінде қолданып, оны қайта өңдеп қайта қолданамыз. Бұл экономдап және көп ақша жасайды. Мысалы Герамания 200 млрд еуро жасайды жылына. Оны өртеп, энергия шығарып, қайта сұрыптап, қайта өңдеу арқылы. Сол арқылы Қазақстан егер бұл системаны енгізсе, олар да бұдан ақша табатын болады.
«Республикада қоқыстың тек 23%-і қайта өңделеді. Бұл – Еуропа елдерімен салыстырғанда төмен көрсеткіш», - дейді жас өнертапқыштар. Мәселен Тараз қаласының өзінде тұрмыстық қалдық қайта өңделмейді. Коммуналдық қызмет қатты қалдықты полигонга көміп, қалғанын өртеумен айналысып жатыр. Қазір қалаға қарасты қоқыс алаңында 2,5 миллион тонна қалдық жинақталған. «Жаңа инновациялық жобалар мәселенің шешімін табуға көмектесер еді», - дейді қала тазалығына жауаптылар.
Елмұрат Сырғашев, «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің басшысы:
- Ол ғылыми мен өндірістік база әрқашан да бірге жүруі керек. Сонымен мен айтып отырмын, олар ғылыми түрде бізге дәлелдеп берсе, осындай бірі дұрыс деп. Біз эксперимент ретінде 1-2 жерге қоюға дайынбыз. Содан кейін процес ретіне көреміз, бізге тиімді ме тиімді емес пе. Сол кезде білеміз.
Мектеп оқушылары өздері жасаған жобаны патенттеп үлгерген. Енді жергілікті билік қолдаса, туған қаласының тазалығына үлес қосуды ойлап отыр.
Авторлары: Мерей Бает Бақытжан Бапаев Елдар Байдәлді