Уақыт белдеуінің адамдарға психикалық әсері зерттеледі

«Қазақстан табиғи күн цикліне байланысты уақыт белдеуіне оралып жатыр. Бұл әкімшілік процестерді басқаруды оңтайландырып, бірыңғай жүйеге көшіру», – дейді саясаттанушы Жанерке Қайратқызы. Оның айтуынша, бұл мемлекеттік басқару жағынан тиімді. Ал уақыт белдеуінің ауысуы ментальды тұрғыдан қалай әсер ететініне қатысты арнайы зерттеу жүргізіледі.

Онымен «Республикалық психикалық ғылыми-практикалық орталығы» айналысады. Зерттеу Қазақ ұлттық университетінің төрағалығымен өтеді. Дегенмен мамандар Қазақстанда уақыт белдеуі ауысқалы ментальды денсаулықта аса қатты өзгерістер байқалмады дегенді алға тартады.

Нәби Есімов, ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директордың орынбасары:

- «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» жапы ментальды денсаулық туралы бүкіл мағлұматтарды өзінде шоғырландырады. Мына уақыт белдеуі бізде 1 наурыз 2024-те ауысты ғой. Сөйтіп, бүгінгі күнге дейінгі статистикалық мағлұматтарды қарадық. Енді сол жерде біз біріншілік аурушаңдық және жалпы аурушаңдық дегендерді сараптадық. Сол сараптаманың негізі бойынша, ментальды бұзылыстар бойынша өзекті статистикалық өзгерістер жоқ.