Қазақ тілін терең оқыту жобасына 500 мың бала қатысады

Биыл Оқу-ағарту министрлігі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95%-ке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекеттік 260 балабақшада қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар жаңартылады.

500 мың бала қазақ тілін терең оқыту бойынша «Тілге бойлау» пилоттық жобасына қатысады. Осы жылы еліміздің барлық өңірде «Қаражатты баланың соңынан ілестіру» қағидаты бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізу көзделіп отыр.