Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды

Өңірде күн райы күрт бұзылып, қарлы боран соғып тұр. Синоптиктердің айтуынша, кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын.

Желдің екпені секундына 28 метрге дейін жеткен. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланып, полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Әзірге жолда қалғандар жоқ. Болжам бойынша кешке қарай күн де суытып, 32 градус аяз болады.

Баян Байғаскина, облыстық ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы:

- Қазіргі уақытта облыстық автожолдарында 100-ден астам техникалық құралдар қызмет көрсетуде. Және полицияның қызметкерлері күшейтілген тәртіпте қызмет көрсетіп жатыр. Және облыс тұрғындарына айтарымыз, алыс жолға шықпауыларын сұраймыз.