Коронавируспен ауырған кезде ағзаға қауіпті препараттар аталды

АҚШ-тағы Цинциннати балалар ауруханасының медициналық ғылымдар докторы Джошуа Шаффцин коронавирус жұқтырған кезде қабылдауды тоқтату керек дәрілерді атады.

Бұл туралы Good Housekeeping журналы хабарлады.

Сарапшының айтуынша, COVID-19-дан емделу кезінде құрамында лоперамид бар диареяға қарсы дәрілерді қабылдауды тоқтату керек.

Дәрігер құрамында лоперамид бар дәрі-дәрмектердің салдарынан ішектің қызметі баяулап, ағзаның өздігінен бактериялар мен қабынудан тазаруына жол бермейтінін айтты.

Сонымен қатар Шаффцин демікпе болмаса, ингаляторларды қолданбауға шақырды. Өйткені олар жүрекке зиян тигізуі мүмкін. Айтуынша, құрамында фенилафрин бар кез келген препарат жүрек ауруы бар адамдар үшін қауіпті.