416,57 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зімбірді қалай тұтынған дұрыс

  • 377
  • UPD: 14:28, 18.02.2021
Зімбірді қалай тұтынған дұрыс

Диетолог Мария Черняева зімбірді тұтынудың дұрыс жолдары туралы айтты, деп хабарлады lenta.ru.

Оның айтуынша, бұл өнімді кез келген түрде қолдануға болады. Дәрігер оның құрамында көптеген дәрумен мен микроэлементтер бар екенін атап өтті. Құрғақ түрдегі зімбір өзінің пайдалы қасиеттерін ұзақ уақыт сақтайтынын, ал маринадталған зімбірдің бактерияға қарсы және паразитке қарсы әсері бар екенін түсіндірді. Сондай-ақ зімбір кәмпит түрінде де өзінің емдік күшін сақтайды.

Сонымен қатар маман зімбірді бір уақытта 80-100 грамнан артық жеуге болмайтынын ескертті. Бұл өнімнің қанды сұйылтатын әсері бар, сондықтан өт қабы аурулары кезінде кері әсер етуі мүмкін. Диетолог қанды сұйылтатын дәрілерді қабылдау кезінде зімбірді көп тұтынбау керектігін айтты.

Ал америкалық ғалымдар зімбір шайының емдік қасиеттері бар екенін, соның ішінде холестерин деңгейін, қатерлі ісік қаупін төмендететінін хабарлады. Сонымен қатар сусын буындардағы ауырсынуды жеңілдетеді.

Хабар 24 телеарнасы