427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Пушкин көшесіндегі учаске уақытша жабылады

  • 231
  • UPD: 14:47, 19.05.2021
Елордада Пушкин көшесіндегі учаске уақытша жабылады Елорда әкімдігі

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп Пушкин көшесінде жол жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 19 мамыры сағат 13:00-ден 20 мамыр сағат 06:00-ге дейін Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейінгі Пушкин көшесі автокөлік қозғалысы үшін жабылатын болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген басқарма хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы