Тұман, көктайғақ, бұрқасын: бес облыста дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылып, күн суытады, деп хабарлайды «Хабар 24».

1 қараша күні 5 облыста ауа райы қолайсыз болады. Елордаға таңертең қалың тұман түседі. Синоптиктердің болжамынша, Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр аралас қар жауып, бұрқасын соғады. Көктайғақ болады. Шығыс Қазақстанда да тұман, көктайғақ пен қатты жел болады. Павлодар өңірінің батысында түнде тұман түсіп, қатты жел тұрады.