Мемлекеттік рәміздер кешені еліміздің ең биік нүктесінде орналасқан
Еліміздегі ең биік нүктеде орналасқан Мемлекеттік рәміздер кешені өскемендіктердің мақтанышына айналған, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Қазақстан» тауы – осы шаһардағы көрнекі орындардың бірегейі. Бір шақырым жолды артқа қалдырып, тау басына шыққан адам мұндағы рәміздерді көргенде шаршағанын лезде ұмытады. Себебі көк байрақ желбіреп, Елтаңба ерекше көрінеді. Әнұран мәтіні де жазылған. Сондықтан болар, келген адамның рухы көтеріліп, бір серпіліп қалады.
Гүлнар Жаңабаева кешен ашылғалы бері рәміздер тауына отбасымен жиі шығады. Биыл да жоспарлап отырмыз, - дейді.
Гүлнәр Жаңабаева, тарихшы:
- Бұл символдың біз үшін маңызы зор. Қаламыздағы ең басты орын болып саналады. Сондықтан тау басына шығып, осы рәміздерді көрудің өзі ерекше әсер береді. Балаларға беретін тәрбиесі де айырықша дер едім. Жерлестеріме, қала қонақтарына отбасымен бірге осында келіп тұруға кеңес беремін.