Өз контенті арқылы жалған ақпарат таратқан блогерлер қомақты айыппұл төлейді
Енді ғаламторда жалған ақпарат таратқандар айыппұл төлейді.
Оның мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішке тең. Ал өз контенті арқылы табыс табатын блогерлер үшін оның көлемі екі есе көп болады. Тиісті құжатқа Мемлекет басшысы қол қойды. Веб-сайттар мен порталдардың иелері жалған ақпаратпен күресуде мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуге міндеттеліп отыр. Депутаттардың айтуынша, «Онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы» заңның тиімді тұсы көп. Ол медиа саладағы қоғамдық қатынастарды реттеп, азаматтардың құқығын қорғауды көздейді.
Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Халықаралық жағдай күннен күнге өте күрделі. Сондықтан біз өзіміздің мемлекеттілігімізді саяси сепаратизмнен және мемлекетіміздің территориясын сақтауға, сонымен бірге мемлекетіміздің ішінде заңды әрқашан қолдайтын 99 процент азаматтарды мемлекет өзінің қорғауына алуы керек. Бұл сол азаматтардың қорғауға алатын заң.