Ертең еліміздің бірден 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.
Солтүстік аймақ пен елордада күн күркіреп, бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақмола, Ақтөбе және Атырау облыстарында нөсерлі жаңбыр жауады, дейді синоптиктер. Маңғыстау, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан өңірлерінде құмды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетуі ықтимал.