Еңбек кітапшасы электронды түрге көшеді

Қазақстан цифрландыру қарқынын арттырады.

Биыл мемлекеттік органдар талап ететін құжаттар саны 119 дан 21-ге дейін қысқарған. Цифрлық қызметтер қазақстандықтар арасында кең сұранысқа ие. Биыл елдегі автокөліктің 55 пайызы, жылжымайтын мүліктің 49 пайызы онлайн сатылған. Ипотеканың 67 пайызы онлайн форматта рәсімделді. Алдағы жылы азаматтардың еңбек кітапшаларын электронды жүйеге көшіру көзделген. Екі мың мектеп Старлинк арқылы интернетпен қамтылады. Хакерлік шабуыл мен алаяқтықтан қорғану үшін биыл ақпараттық қауіпсіздік туралы Заң қабылданды. Оған қоса айти саласындағы мамандардың қатары артып, ұзын саны 130 мыңға жетіп отыр.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Осы жылдың жарты жылдығында 250 млн АҚШ доллары мөлшерінде АИТИ экспорт көлемі болды. Яғни Ай-Ти өнімдер 250 млн долларға шетелге сатылды.  Мен ойлаймын осы жылдың соңында біз 500 млн доллар деңгейге жетеміз деп. Президент берген тапсырма бойынша біз 2026 жылы 1 млрд доллар жасау керекпіз.