Ипотека: «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша қосымша іріктеу болады

«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы бойынша қосымша іріктеу жүргізіледі, деп хабарлайды 24KZ. Бұған биыл 29 шілдеден 7 тамызға дейін негізгі конкурстық кезеңде өтінім берген, бірақ құжаттарды дұрыс толтырмай, байқаудан өте алмаған азаматтар ғана қатыса алады. Құжаттарды қайта қабылдау желтоқсанның 23-і мен 31-і аралығына өтеді. Толық ақпарат almaty-zhastary сайтына жарияланады. 

Айта кетейік, биыл «Алматы жастарына» өтінім берген 2 мыңға жуық жас баспаналы болды. Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы әлеуметтік, құқық қорғау және коммуналдық салаларда еңбек ететін жастардың баспаналы болуына мүмкіндік береді.

Рита Нұрбекқызы, қалалық тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы:

- Бүгінгі таңда 2757 адам дұрыс тапсырмаған құжаттарын. Оның ішінде негізгі себеп Қазақстан Республикасы бойынша атында жылжымайтын мүлкі бар туралы анықтаманы олар Алматы қаласы бойынша салып қойған. Содан кейін отбасы мүшелеріне деген жерде жолдасына, балаларына салмағандар бар. Содан негізі қателерді жіберген. Алматы қаласында тұрақты тіркеуде тұрғанын дәлелдеген кезде аты-жөндері, тектері көрсетілмеген. Қай мекенжайда кім тіркелгені көрсетілмеген.