Талдықорғанда қамкөңіл жандарды қоғамға бейімдеу семинары өтті
Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі, қамкөңіл жандарды қоғамға бейімдеуге бағытталған семинар ұйымдастырылды.
Үш күндік іс-шараға Жетісу облысының әр ауданынан 20 адам қатысты. Сал ауруына шалдыққан жандарға кәсіби психологтар көмек көрсетті. Ойын арқылы көңіл-күйді көтеру тәсілдері үйретілді. Логикалық сауалдар қойып зейінді жинақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Тағдыр сынағына мойымай, сары уайымға салынбау керектігі айтылды.
Құндыз Бейсен, қала тұрғыны:
- Бүгінгі семинар жақсы өтті. Өз пайдасын беріп жатыр. Қалай көңіл-күйді дұрыс ұстау керек, қалай адам өзімен-өзі күресу керек. Қалай өмірге деген құлшынысын арттыру керек соның бәрін үйреніп жатырмы
Елдос Баялышбаев, оңалту орталығының төрағасы:
- Адам травма алғаннан кейін үйінен шықпай қояды, ыңғайсызданады, өзін-өзі ашу, отбасына тірек болуға болады. Келешегі бар екенін түсіндіру біздің басты мақсат.