Қостанай облысында қызылша өршіп барады
Ал енді асқынып тұрған дертке тоқталсақ.
Қостанай облысында қызылша өршіп барады. Бес күнде 20 адам вирус жұқтырған. Қараша айында 32 науқас тіркелген еді. Дені вакцина алмаған 14 жасқа дейінгі балалар. Инфекцияның кең таралуына байланысты қосымша екпе егу шарасы жоспарланып отыр. Бірінші кезекте алты айдан 5 жасқа дейінгі балалар қамтылады. Сондай-ақ медицина қызметкерлері мен бұрын екпе алмағандар да иммундау шарасынан өтеді.
Гүлім Досымова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Қосымша жаппай иммунизациялау шеңберінде 44 мың 500 адамға екпе салу жоспарланған. Осы күнге дейін 2 мың 383 адамға вакцина егілді. Бұл белгіленген меженің 5,4 проценті, Вакцина қызылшаға қарсы иммунитет қалыптастырудың жалғыз және ең тиімді жолы.