Петропавлда колледж студенті қызылша жұқтырды
Петропавлда колледж студенті қызылша жұқтырды.
Тағы жиырма білімгер сараптама қорытындысын күтіп отыр. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Эпидемиолог дәрігерлердің айтуынша, облыста эпидахуал күрделі. 107 адамнан инфекция анықталған. Өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 1,4 есеге өскен. Жаппай иммундау шарасы басталғалы облыста 5300-ден астам адам екпе алды. Қосымша 30 600 доза вакцина сатып алуға қаржы бөлініп, препараттың алғашқы партиясы келді. Қалғаны апта соңына дейін жеткізіледі.
Нұржан Тағаниязов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Бүгінгі таңда жаңағы қарым-қатынаста болған колледждағы барлық студенттер біздің бақылауда. Сондықтан жаңағыдай клиникалық жағынан қызылшаға қарсы симптомдары болатын болса, ол кісілерді біздер міндетті түрде қалалық инфекциялық ауруханасына апарып жатқызамыз. Бүгінгі таңда жаңа айтып отыр ғой, қызылшамен расталған бір студент. Қалған 20-да нәтижелері күтілуде. Мыңға жуық студент қарым-қатынаста болған.