14 қараша – Халықаралық логопед күні

Бүгін Халықаралық логопедтер күні.

Кәсіби мереке 2004 жылдан бері аталып келеді. Қазір елдегі мұндай мамандардың саны 5 мыңнан асады. Олар тіл мүкістігін түзетіп, әрбір әріпті дұрыс дыбыстауға және нық сөйлеуге үйретуде қажырлы еңбек етіп жүр. Соңғы жылдары еліміздегі балалар арасында сөйлеу дамуының тежелуі өзекті. Сәйкесінше логопедтерге сұраныс жоғары.