Ақтауда әскерилер ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсырды

Ақтауда 500-ден астам азамат ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушыларға донор болып, қан тапсырды.

Олардың қатарында Ақтау гарнизоны әскери полиция жасағының әскери қызметшілері де бар. Жалпы, Ақтау маңында болған ұшақ апатынан зардап шеккендерге 1,5 мыңнан астам қазақстандық қан тапсырды.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова хабарлады. Оның айтуынша, екі күн ішінде республика бойынша қан орталықтарына 800 литр қан тапсырылған. Министр апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларына көмек көрсеткен медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.