Ел аумағында «Бір күндік клиника» жобасы жүзеге асырылады

Елде 35 мыңнан астам әйел бір күн ішінде «Бір терезе» қағидаты бойынша пренатальды диагностикалау қызметін пайдаланды, деп хабарлайды 24kz.

«Бір күндік клиника» пилоттық жобасы енді барлық өңірде қолжетімді болады. Жобаның мақсаты – жүкті әйелдерді дәрігерлік тексеру кезінде инновациялық әдістерді кеңінен қолдану. Сол арқылы балалардың туабітті кінәраты немесе патологиялық ауытқуларды ерте анықтауға мүмкіндік молайды.