Сейсмикалық аймақ ұлғайып келеді
Ел аумағының 35 пайызы сейсмикалық аймаққа жатады.
Яғни елде жер сілкіну қаупі бар деген сөз.
Мәселен, орталық және солтүстік өңірлерде 6 баллға дейінгі жерасты дүмпуі тіркеледі.
Ал еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігі аса қауіпті аймақ саналады. Мұнда 6 дан 11 баллға дейінгі жер сілкінісі болуы мүмкін. Сондай-ақ соңғы уақыттары Каспий теңізінің маңы да тербеліп тұратын көрінеді. Батыс өңірде 4-5 баллдық жер сілкінісі болған.
Аса қауіпті дүмпулердің дені Алматы өңірінде тіркеледі. Осы уақытқа дейін алмалы қала 3 мәрте сілкінген. Алғаш рет 1887 жылы Верный даласында 9-10 баллдық дүмпу жұртты дүрліктірді. Араға екі жыл салып 1889 жылы шелектіктер 10 балдық жел сілкінісінің зардабын шекті. Ал 1911 жылы Алматының Кемін аймағында 10-11 балдық жерасты дүмпу дерегі тіркелді.
Қауіпті аймақтар
Орталық және солтүстік өңірлер - 6 баллға дейін
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлер - 6-10 балл
Каспий маңы ойпаты - 4-5 балл
Алматы өңірі
- 1887 жылы - 9-10 балл
- 1889 жылы - 10 балл
- 1911 жылы - 10-11 балл