Ақмола облысында аштан қырылған жылқы саны артты
Ақмола облысында аштан қырылған жылқы саны 200-ден асты.
Қазір төрт аудандағы жағдай күрделі. Шаруалар қыстақтағы малын ауылға жеткізе алмай әлек. Себебі жол жоқ. Белуардан келетін қалың қар жаңбырдан кейін қатып қалған. Әбден ашыққан мал көтерем болып, құлап жатыр. Биелер құлын тастап, төл баси кеми түскен. Ал қынадай қырылған жылқылардың аурудан емес, аштан өлгенін жауапты сала мамандары да жасырмайды.
Талғат Жүнісов, ветеринария басқармасының басшысы:
- Аурудың ешқандай белгісі жоқ. Мал аштан қырылып жатыр. Оны сараптама жүзінде дәлелдеп бере аламыз. Мал аштан қырылып жатыр. Қарындарында қардан басқа ештеңе жоқ, сойғанда.