Министрлер су тасқынын әуеден бақылап жүр
Ақтөбе су қоймасы мен Қарғалы өзеніне әуеден бақылау жүргізілді. Өйткені осы өзендердің тасу қаупі бар.
Тексеріске Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов пен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қатысты.
Ал Ұлттық ұлан ұшқыштары су басқан елді мекендерден ауыл тұрғындарын эвакуациялауды жалғастырып жатыр.
Батыс Қазақстан облысында әскерилер бөгетті биіктеткен. Жалпы, су тасқыны басталғалы мыңнан астам әскери қызметкер жұмылдырылды. Олар 800-ге жуық адамды құтқарып, ұзындығы 8 шақырым арықты тазартты.