Сергеев су қоймасы ернеуінен асты
Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы бұрын-соңды болмаған межеге жетті.
Таңғы 8-дегі мәлімет бойынша, бөгет үстімен ағып жатқан судың биіктігі 4 метр 15 сантиметрге жеткен.
Осыған байланысты Есіл өзенінің бойындағы Бірлік, Жарқайың, Қаратал, Николаевка ауылдарының 100-ден аса тұрғыны алдын ала қауіпсіз жерге көшірілді. Мыңға жуық мал да әкетілді.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қазір облыс бойынша 28 жол аумағын су шайып жатыр.