Су тасқыны. Жайық белгілі межеден асты
Жайықтың суы Индер ауданы тұсында қауіпті межеден асты.
Қазір мұнда өзен арнасы 8 метр 67 сантиметр. Бүгінге дейін жағалаудың 30 шақырымы бекітіліп, бөгеттер салынды. Оның орташа биіктігі 4,5 метр.
Жайық жағасындағы елді мекендерде тәулік бойы кезекшілік қойылды. Мың жарымнан аса мал қауіпсіз аумаққа айдалды. Махамбет ауданында да су деңгейі 853 сантиметрді көрсетіп тұр.
Бұл аудандағы қауіпті шек – 8 метр 50 см. Қазір жағалауды бекіту жұмыстары толық аяқталған. Тағы бір жарым шақырымды биіктету жалғасып жатыр.
Жарсуат пен Құрылыс ауылдарында жағдай тәулік бойы бақыланады. Ал Құлсарыда 27 үйге су кірген. Бүгінге дейін 78 үйден су сорылды. Екі мыңға тарта нысанда дезинфекциялау жұмысы жүргізілді. 16 үй мен 3 нысанға жарық берілген. Шығын бойынша 2 мың 818 өтініш түсті. 3 мың 657 адам 100 АЕК көлемінде бір ретік төлем алды.