Биыл арқарлар егіз қозықа көп туып жатыр
Баянауыл ұлттық паркінде арқарлар төлдей бастаған.
Жануарлардың саны бүгінде жеті жүзден асқан. Бір қызығы биыл егіз көп дейді. Арқарларды үркітіп алмау үшін ұлттық парк қызметкерлері алыстан бақылайды. Жабайы жануарлардың есебін де жүргізіп отырады.
Баянауыл тауларында арқардан бөлек 78 бұлан, 115 қабан, 29 сілеусін бар екен. Марал, еліктер де көзге түскен. Жетпіске тарта қасқыр жүр.