Жайықтың деңгейі күннен күнге көтеріліп барады
Атырау облысында Жайықтың деңгейі күннен күнге көтеріліп жатыр.
Индер ауданында өзен деңгейі бір тәулікте 37 сантиметрге жоғарылаған. Таңғы 8-ден 16:00-ге дейін 10 сантиметрге өсіп, қазір 972 сантиметрге жетті. Сонымен қатар күні кеше Атырау - Орал тас жолынан Индербор кентіне дейінгі 7 шақырым кірме жолға қауіп төнген. Бірақ дер кезінде бөгет салынып, жағдай бақылауға алынды. Ал Махамбет ауданында Жайықтың деңгейі 15 сантиметрге көтерілді. Облыс орталығындағы деңгей бір тәулікте 515 сантиметрге жетті. Қауіпті меже 5 жарым метр. Қазір аудандардағы ахуал дрондармен бақыланып отыр. Бұған қоса облыста түні бойы толассыз жаңбыр жауды. Қазір Атырауды судан тазарту жұмыстарына 24 арнайы техника жұмылдырылды.