Астанада бір миллион ағаш егіледі
Астана - таза қала!
Елордалықтар биыл да сенбілікті көбейтіп, бірқатар іс-шаралар атқарылды. Көшенің тазалығы бір бөлек, Астананың саф ауасы да тұрғындарға жайлы болуы керек. Сол үшін шаһарда 1 млн түп ағаш егіледі. Бұл былтырғыға қарағанда 100 мыңға көп.
Мамандар қылқан жапырақты ағаштар мен сәндік көпжылдық бұталарды егуге баса назар аударып отыр. Енді қарағаш, терек, қайың мен үйеңкінің қатарынан еуропалық өскіндерді де көретін боламыз.
Биылғы сенбілік маусымы сәуір айында бастау алған. Әр кезеңінің өзіндік ерекшелегі бар. Бірінде тарихи ескерткіштер аумаған тазартса, енді бірі көл жағасын тазарту аптасы. Қала тұрғындары да белсенді. Бүгінге дейін қаладан 7 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған.
БЛИЦ:
- Бұл біздің қала. Біздің табиғат. Оны біз тазаламасақ кім тазалайды. Онда тұрған ештеңе жоқ. Өз үйімізді тазалаймыз, өз дачамызды тазалаймыз. Неге өз қаламызды да тазаламасқа.
- Енді өзіміз тұрып жатқан қала болған соң осында жиі субботникке шығып тұрамыз. Осы тазалықты сақтау үшін.
- Мен негізі бұл қалада тұрмаймын. Бірақ Астананың ауасы таза. Экологиясы жақсы.
- Біз Бішкек қаласынан келіп жатырмыз қонақ болып. Ауасы жағып жатыр. Таза екен, жәйлі екен. Экологиясы сон екен. Өте ыстық емес.
Самат Абдуллин, «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды реттеу» ММ басшысының орынбасары:
- Елордадағы экологиялық акциялар Елорда – тазалық пен тәртіп үлгісі ұранымен биылғы 6 сәуірден бастап жүріп жатыр. Барлығы сәуір айынан бастап қаланы тазартып дегендей, көгалдандыру бойынша экоакцияға қатысушылардың саны 368 мың адамды құрады. Сенбілік жұмыстары әр апта сайын атқарылып жатыр.
Қаланы қоқыстан тазартудан бөлек көгалдандыру жұмыстары да атқарылады. Былтыр 900 мыңнан астам түп ағаш егілсе, биыл саны миллионнан асады дейді мамандар. Үйеңкі, қарағаш, қайың, терек, сынды ағаштармен қоса, еуропадан әкелінген арнайы ірі ағаштар, көп жылдық сәндік бұталар да егіледі.
Самат Абдуллин, «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды реттеу» ММ басшысының орынбасары:
- Жалпы осы биыл қалада миллионға жуық жасыл желек отырғызу жоспарлап отырмыз. Оның ішінде жапырақты ағаштар, бұталар, көп жылдық гүлдерді де отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар Еуропадан ағаштармен көп жылдық сәндік бұталарды әкелу қарастырылған. Биылғы жылы біз жапырақты ағаштар мен сәндік көпжылдық бұталармен көгалдандыруға назар аударамыз. Өйткені, зерттеу нәтижелері бойынша қылқан жапырақты ағаш түрлері барлық жерде тамыр жаймайды.
Жалпы қаланың тазалық жұмысына бес мыңнан аса техника жұмылдырылған. Әр ауладағы қоқыс та тұрақты шығарылады. Алайда эколог мамандар заңсыз орындарда қоқыс болмас үшін айыппұлдың көлемін арттыру қажет дейді.
Бекберген Керей, эколог:
- Егерде мысалға сіз сол арнайы орын жоқ орынға апарып үйіңізден шыққан пакетті апарып қойып қойсаныз. Сол жерде сонымен ұсталып қалсаныз онда осы мәселе қолға алынып жатыр. 5 айлық есептік көрсеткіштен 50 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейту мәселесін. Бұлда енді тағы бір әдісі ғой.
Қазір «Әкімшілік құқық бұзушылық» заңының 505-бабына сәйкес, қала мен елдi мекендердiң аумағын абаттандыру ережесін бұзып, сондай-ақ табиғатқа зиян келтірсеңіз шығынға сәйкес ескерту немесе 20 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады. Ал екінші рет қайталасаңыз 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалауыңыз мүмкін.
Зариан Кәп, Диас Ковланбаев